Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын... • Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал. • Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс. • Таспен атқанды аспен ат - жеңесің. Содан кейін алшақ жүр. • Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады. • Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын. • Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын. • Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тəрбиелей бер. • Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа! • Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес. • Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр. • Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді. • Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама. • Жүйкең əлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сəттерге бапта. • Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі - жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі - тұңғиық, батасың да кетесің. • Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды. • Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр! • Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме! • Пенденің пендеден айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы! • Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол. • Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың! • Ұрпақ тəрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын. • Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал! (с) Бауыржан Момышұлы

Теги других блогов: советы успех жизнь